16 қазан, Сәрсенбі

Роналду тағы бір рекорд орнатты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рет рекорд орнатты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір рекордты бағындырды. Португалиялық футболшы Чемпиондар лигасындағы жеңісті матчтар бойынша рекорд орнатты. Өзі қатысқан 102 ойында Роналду командасымен бірге жеңіске жеткен. Бұған дейін Роналду Португалияның «жыл ойыншысы» атанған еді.

Еске сала кетейік, бүгін түнде «Ювентус» Чемпиондар лигасы 2-ші тур аясында өз алаңында «Байерді» 3:0 есебімен ұтқан болатын. Роналду бір мәрте мергендігімен көзге түсті.

Бөлісу

.