16 қазан, Сәрсенбі

Алматыдағы бокс тойы: Кімдер шаршы алаңға шығады?

0

12 қазан күні Алматы қаласында өтетін MTK Global ұйымының бокс кешінде жұдырықтасатын қазақстандық боксшылардың есімі белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Кештің басты жекпе-жегінде Әли Балоев 42 жастағы венесуэлалық боксшы Гусмир Пердомомен (26-9, 17 КО) қолғап түйістіреді. Қос боксшы берінші ауыр салмақтағы WBC Asia Intercontinental  титулын сарапқа салады.

Сондай-ақ Елшат Нығметоллаұлы 29 жастағы филиппиндік Райан Рей Понтераспен (22-14-3, 11 КО) қолғап түйістіреді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Кештің басты жекпе-жегі:

Әли Балоев (9-0, 7КО) —  Гусмир Пердомо (26-9, 17 КО) (Венесуэла)

Елшат Нығметоллаұлы (14-0-1, 5КО) — Райан Рей Понтерас (22-14-3, 11 КО) (Филиппин)

Әбілхайыр Шегалиев (6-0, 4КО) — Сандро Джаджанидзе (5-19-1, 3 КО) (Грузия)

Мирас-Әли Сәрсенов (алғашқы жекпе-жегі) — Давит Натсвлишвили (3-3, 3 КО) (Грузия)

Нұрдос Төлебай (алғашқы жекпе-жегі) — Торнике Канделаки (4-5, 3 КО) (Грузия)

Еділ Қожамбердиев (8-2, 8КО) 

Нұртас Әжбенов (6-0, 2КО)

Қадырбек Садықбек (1-0, 1КО)

Әлімжан Тұрсынов (1-0, 1КО)

Полат Әбдіқасылов (2-0, 2КО)

Бөлісу

.