16 қазан, Сәрсенбі

Ермахан Ыбрайымов: Головкин мен Деревянченко 12 раунд жұдырықтасады

0

Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов  Головкин мен Деревянченко арасындағы жекпе-жек туралы  Qsport.kz порталына өз ойын айтып берді.

Ермахан Ыбрайымов қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекте кімнің жеңіске жететіні туралы айтты. 

– Головкин Джейкобспен 12 раунд жұдырықтасып, жеңіске жетті. Ал Деревянченко Джейкобстан 12 раундтық жекпе-жекте жеңіліске ұшырады. Демек, осы жерден Головкиннің жеңіске жететіндігі туралы тұжырым жасауға болады. Бірақ Сергейдің өте шыдамды, әрі төзімділігін ескерсек, жекпе-жектің 12 раундқа созылатындығы анық. Головкиннің жеңіске жететіне еш шүбә келтірмеймін, бірақ нокаут болмайды , – деді Ермахан.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10КО) жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Боксшылар IBF нұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатыны бұған дейін хабарланған еді. Көп өтпей аталмыш айқаста одан бөлек IBO вакантты титулы сарапқа салынатыны мәлім болды. Қос қарсылас бұған дейін алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз арбасты.

Бөлісу

.