15 Желтоқсан, Жексенбі

«Астана» «Манчестер Юнайтедке» есе жіберді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында Англияның «Манчестер Юнайтед» командасына қарсы өткен матчта «Астана» жеңіліс тапты.

Алғашқы тайм алаң қожайындарының басымдығымен өтсе де есеп ашылмады. 45 минут бойы шабуылын бір сәтке тоқтатпаған «қызыл сойқандар» Ненад Эрич қорғаған қақпаны 11 мәрте дәл көздесе, қазақстандық клуб 3 рет қақпаны дәлдеген.

72 минут бойы бірнеше тамаша сейв жасаған Ненад Эричтің қақпасында ала доп тулады. «Манчестер Юнайтедтің» жас ойыншысы Гринвуд жеке шеберлігінің арқасында қорғаушылардан айласын оңай асырып, Эричтің екі аяғының ортасынан соғып кетті. Дегенмен «МЮ» ойыншыларының бұдан әріге күші жетпеді.

«Астана» командасы топтағы келесі матчты 3 қазан күні «Партизанға» қарсы өткізеді.

Еуропа лигасы-2019/20. L тобы. 

«Манчестер Юнайтед» — «Астана» — 1:0(0:0)

Гол: Мейсон Гринвуд 73

«Манчестер Юнайтед: Серхио Ромеро, Аксель Туанзебе, Фил Джонс, Маркос Рохо, Диего Далот, Энджел Гомес, Неманья Матич, Фред, Маркус Рэшфорд, Тахит Чонг, Мейсон Гринвуд.

«Астана»: Ненад Эрич (К,В), Дмитрий Шомко, Жарко Томашевич, Евгений Постников, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Лука Шимунович(Юрий Логвиненко 46), Рунар Мар Сигурьонссон, Роман Муртазаев(Рангело Янга 46), Марин Томасов, Дорин Ротариу.

20 қыркүйек. «Олд Траффорд»

Бөлісу

.