6 желтоқсан, Жұма

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмендеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық футбол қауымдастығы 2019 жылдың қыркүйек айына арналған ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады.

Өткен айдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы төрт сатыға төмендеп, 116-орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде екі ойын өткізді. Біздің футболшылары сырт алаңда Кипрмен (1:1) тең түсті. Кейін Ресейге қонаққа барып, 0:1 есебімен жол берді.

ФИФА-ның жаңартылған рейтингі:

1. Бельгия — 1752

2. Франция — 1725

3. Бразилия — 1719

4. Англия — 1662

5. Португалия — 1643

6. Уругвай — 1639

7. Испания — 1631

8. Хорватия — 1625

9. Колумбия — 1622

10. Аргентина — 1614

42. Ресей – 1455

52. Шотландия — 1415

92. Кипр — 1261

116. Қазақстан — 1169

210. Сан-Марино — 835.

Бөлісу

.