16 қазан, Сәрсенбі

Асылжан Бақытжанұлы ресейлік спортшымен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Асылжан «САҚ» Бақытжанұлының кезекті жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АСА тұжырымымен келісімшартқа отырған отандасымыз жекпе-жегін 4 қазан күні Грозный қаласында өтетін АСА 100 турнирінде  ресейлік Амирхан Гулиевпен (9-1) жұдырықтасу қажет болған, алайда қарсыласы жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Асылжан Бақытжанұлы оның орнына ресейлік Алексей Стоянмен (6-5) қолғап түйістіреді

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы соңғы жекпе-жегін АСА 93 турнирі аясында өткізіп, ресейлік Владимир Бабичті (11-6) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте отандасымыз бір бас жоғары болып, қарсыласынан айласын асыра алды. Осы айқастан соң Асылжан Бақытжанұлы АСА-мен тағы да 4 жекпе-жекке келісімшартқа отырды.

Бөлісу

.