16 қазан, Сәрсенбі

Күрестен әлем чемпионатын: Санаев пен Ниязбеков алғашқы кездесулерін айқын басымдылықпен ұтты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Нұрислам Санаев пен Дәулет Ниязбеков  әлем чемпионатының алғащқы кездесуінде қарсыластарын ойсырата ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Нұрислам Санаев пен Дәулет Ниязбеков алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. 57 келіде ел намысын қорғайтын Нұрислам Санаев молдовалық Анатолий Бурунианды уақытынан бұрын жеңіп, келесі айналымға шықса, Дәулет Ниязбеков 65 келіде тайпейлік Ю-Суан Чангты 30 секундта жауырынын жер иіскетті. Енді Санаев екінші кезеңде Израиль балуаны мен неміс балуаны жұбының жеңмпазымен кездессе, Ниязбеков неміс балуаны Александр Семисоровпен жолығады.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір күміс, екі қола жүлдемен және 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына екі жолдама алуымен аяқтаған болатын.

Бөлісу

.