16 қазан, Сәрсенбі

Елімізде «Birinshi Jastar Oiyndary» финалының іріктеу кезеңі басталады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Іріктеу кезеңі 18-22 қыркүйек аралығында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткізіледі – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жастар ойындарға жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» және «Мектеп спорт федерациясы» жүзеге асырады.

Ойындар салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беру жүйесіндегі субъектілердегі мектеп спорты мен спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне мемлекет пен қоғамның назарын аудару үшін 5 мыңнан астам жасөспірімді жинайды. Жарыс бағдарламасында 14-17 жас арасында волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жалпы білім беретін мектептердің спорт нысандарында ұйымдастырылады.

Іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары финалға жолдама алып және осымен қатар жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, дипломдар мен медальдарға ие болады.

Финалдық кезең Ақмола облысының Щучинск қаласында:

— жеңіл атлетика және футзалдан 14-20 қазан аралығында;

— волейбол, тоғызқұмалақ және әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша 21-27 қазан аралығында өткізіледі.

Айта кетейік, ойындар Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты аясында өткізіледі.

Бөлісу

.