18 қараша, Дүйсенбі

Али Багаутинов: Жалғасты уақытынан бұрын жеңуге тырысамын

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұловқа қарсы жұдырықтасатын Али Багаутинов жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтағысы келетінін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

UFC тұжырымында өнер көрсеткен Али Багаутинов отандасымыз Fight Nights Global тұжырымының чемпионы Жалғас Жұмағұловқа қарсы жекпе-жек туралы өз ойымен бөлісті.

«Жалғаспен қарым-қатынасымыз жақсы деп өтірік айта алмаймын. Біздің бітпей қалған шаруамыз бар. Онымен болатын жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауға тырысамын. Чемпиондық белбеу Дағыстанға қайта оралуы тиіс», —  деді Али.

Айта кетейік, 19-қазан күні Сочи қаласында өтетін Fight Nights Global турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын қос спортшы ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады.

Бөлісу

.