18 қараша, Дүйсенбі

Арман Әшімов UFC-дің бұрынғы спортшысымен әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағына қол жеткізген Әшімов 19 қазан күні тағы да тұжырымның уақытша белбеуі үшін жұдырықтасады. Мұстафа Өзтүрік» лақап атымен танылған отандасымыз Нұр-Сұлтан қаласында өтетін M-1 Challenge 105 турнирінің басты жекпе-жегінде уақытша чемпион атағын сарапқа салады. Ол UFC тұжырымының бұрынғы сортшысы канадалық Крис Келэйдске (13-4) қарсы кездесу өткізеді.  Қос спортшы аса жеңіл салмақта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Арман соңғы жекпе-жегін Ресейдің  Орынбор қаласында өткен M-1 Challenge 104 турнирінде бразилиялық Флавио Да Сильва Сантосқа қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен.

Бөлісу

.