6 желтоқсан, Жұма

Елімізде алғаш рет JastarSportFest ойындары өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстанда алғаш рет «Birinshi Jastar Oiyndary» (JastarSportFest) өтеді – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жастар ойындарына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» және «Мектеп спорт федерациясы» жүзеге асырады.  JastarSportFest волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өтеді. Іріктеу кезеңі облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында: волейбол және футзалдан 18-22 қыркүйек аралығында; әскери қолданбалы спорт түрлері, жеңіл атлетика және тоғызқұмалақ бойынша 21-22 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Финал Ақмола облысының Щучинск қаласында: жеңіл атлетика және футзалдан 14-20 қазан аралығында; волейбол, тоғызқұмалақ және әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша 21-27 қазан аралығында өткізіледі.

Айта кетейік, ойындар Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты аясында өткізіледі.

Бөлісу

.