19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Ресей Федерациясы кубогіне қатысады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан құрамасы Ресейдің Коломна қаласында шорт-тректен өтетін Ресей Федерациясы кубогінің бірінші кезеңіне қатысады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

12-15 қыркүйек күндері Ресейдің Коломна қаласында шорт-тректен өтетін Ресей Федерациясы кубогінің бірінші кезеңі өтеді. Аталған турнирге Қазақстан командасы да қатысады. Әлем үздіктері бақ сынайтын додаға қазақстандықтар толық құраммен барады. Атап айтар болсақ, ерлер құрамасының үздігі Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұхаев, Әділ Ғалиахметовтар айдынға шығады.

Ал қыздар командасынан екі спортшы қатыспайды. Олар — Әлия Ким мен Анастасия Крестова.  Ресей кубогінің бірінші кезеңі шорт-трекшілер қатысатын маусымдағы алғашқы бәсеке.

Айта кетейік, осы додадан кейін Қазақстан ерлер командасы Қытайдағы турнирге аттанады. Шанхайда өтетін бәсекеде біздің команда эстафетадан және 1000 метрге жүгіруден бақ сынайды.

Бөлісу

.