19 қыркүйек, Бейсенбі

Әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға Қайрат Ералиев шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүгін Қайрат Ералиев Ресейдің Екатеренбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы жарыс жолын бастайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Бүгін әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын боксшылар өткізеді. 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев те шаршы алаңға шығып, әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Ол германиялық Шараф Раман мен венесуэлалық Финол Ривас арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, жарыс Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады.

Бөлісу

.