19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде топ жарды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық Дарын Қонысбаев Украинаның Львов қаласында  өткен триатлоннан халықаралық турнирде топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Lviv Triathlon Cup-2019 жарысының финалы әртүрлі қашықтықты бағындырған 210 кәсіби және әуесқой спортшыларды жинады.  Кәсіби спортшылар санатында үздік нәтижені Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Дарын Қонысбаев көрсетті. Ол 1500 метрге жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен және 10 шақырымды жүгірумен 1 сағат 57 минут 56 секундта бағындырды. Екінші орынға Дарынан 1 минут кешіккен Юлиан Демьянов жайғасса, үшінші орынға 2 сағат 01 минут 50 секунд нәтижесімен Антон Блохин (Украина) ие болды.

Айта кетейік,  кәсіби әйел спортшылар арасында жүлдені жергілікті спортшылар өзара бөлісті.

Бөлісу

.