19 қыркүйек, Бейсенбі

Зарина Дияс Хиросима турнирінің ширек финалына шыға алмады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан Hana-cupid Japan Women’s Open  турнирінің ширек финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әлемнің 80-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы Зарина Дияс Жапониядағы Хиросима WTA турнирінің  екінші айналымда сүріндіү Отандасымыз рейтингте 146-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездесіп, жеңіліске ұшырады.  Бірінші партияда Н.Хибино айқын басымдылық көрсетті – 6:1 ұтса, екінші сетте есеп 2:3 болған мезетте Зарина жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, 2017 жылы осы доданың жеңімпазы болған қазақстандық теннисші биыл доданы ерте аяқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Хиросима турнирінің алғашқы айналымында отандасымыз черногориялық Данка Ковиничті жеңген болатын.

Бөлісу

.