19 қыркүйек, Бейсенбі

Жеңілмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізген боксшы Изим Избаки (2-0, 1 КО) қазан айында шаршы алаңға оралады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Отандасымыз АҚШ-тың Флинт қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Кларесса Шилдс (9-0, 2 КО) пен Ивана Хабазин (20-3, 7 КО) жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, Изим Избаки кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Эстонияның астанасы Таллин қаласында өткізіп, белорусь Олег Заблоцкийді (0-9) ұтқан болатын. Ал соңғы жекпе-жегін тамыз айында  26 жастағы америкалық боксшы Армонте Саммерспен өткізіп, жеңіске жетті.

Бөлісу

.