19 қыркүйек, Бейсенбі

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін қазақстандық арна көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) кезекті жекпе-жегін қазақстандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио Олимпиадасының  чемпионы 13-ші қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Отандасымыз америкалық нокаутшы Решард Хикспен қолғап түйістіреді. 

Басты жекпе-жекте Девин Хейн пен Заур Абдуллаев  жұдырықтасатын кешті «Хабар» телеарнасы 14 қыркүйек күні таңғы 06:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

34 жастағы Решард Хикс — тәжірибелі боксшы.Кәсіпқой рингтегі мансабында 13 жекпе-жек өткізген. Оның 12-де жеңіске жетіп, 6 кездесуді нокаутпен аяқтап, тек біреуінде кездесуінде есе жіберген екен.

Естеріңізге салайық, Данияр Елеусінов 27 шілде күні  АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы College Park Center кешенінде өтетін бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен (27-4, 14 КО) жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда отандасымыздың денсаулығы сыр бергеніне байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды.

Бөлісу

.