19 қыркүйек, Бейсенбі

Бекзат Нұрдәулетов: Мақсатым айқын — әлем чемпионы атану

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымда айқын басымдықпен жеңіске жеткен Бекзат Нұрдәулетов жекпе-жек туралы пікірін білдірлді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласындағы әлем чемпионатының бірінші айналымнан сүрінбей өтті. 81 келіде жұдырықтасатын Бекзат Нұрдәулетов Оңтүстік Корея құрамасының өкілі Инжи Хонды үш раунд бойы жойқын соққыларының астына алып, өзінің бір бас жоғары екенін көрсетті. Тіпті отандасымыз қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді.

— Қазақ бокс мектебі кеңес заманындағыдай классикалық болып келеді. Біз әрқашан классикалық боксшы барынша әдемі етіп көрсетуге тырысамыз. Қолымнен келді деп ойлаймын, өйткені барымды салдым. Жекпе-жек бастала салысымен қарсыласымды сезініп, өз боксымды көрсеттім. Осылайша жеңіске жеттім. 

Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Дегенмен келесі қарсыластарыма да тосынсый қалыдырдым. Мақсатым айқын — әлем чемпионы атану. Бірақ бұл жолдағы қарсыластарым қарымды, — дейді Бекзат Нұрдәулетов РИА Новости агенттігіне.

Айта кетейік, енді Бекзат Нұрдәулетов 15 қыркүйек күні венесуалық боксшыға қарсы жұдырықтасады.

Бөлісу

.