19 қыркүйек, Бейсенбі

Данияр Елеусінов Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық  кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) кезекті жекпе-жегінің алдында ашық жаттығу өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио Олимпиадасының  чемпионы 13-ші қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Кештің басты жекпе-жегінде Девин Хейн пен Заур Абдуллаев  жұдырықтасатын кеште отандасымыз америкалық нокаутшы Решард Хикспен қолғап түйістіреді. 34 жастағы Решард тәжірибелі боксшы, кәсіпқой рингтегі мансабында 13 жекпе-жек өткізген. Оның 12-де жеңіске жетіп, 6 кездесуді нокаутпен аяқтап, тек біреуінде кездесуінде есе жіберген екен.

Естеріңізге салайық, Данияр Елеусінов 27 шілде күні  АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы College Park Center кешенінде өтетін бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен (27-4, 14 КО) жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда отандасымыздың денсаулығы сыр бергеніне байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды.

Бөлісу

.