19 қыркүйек, Бейсенбі

Әлем чемпионаты: Бекзат Нұрдәулетов кореялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымда айқын басымылықпен жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласындағы әлем чемпионатының бірінші айналымнан сүрінбей өтті. 81 келіде жұдырықтасатын Бекзат Нұрдәулетов  Оңтүстік Корея құрамасының өкілі Инжи Хонды үш раунд бойы жойқын соққыларының астына алып, өзінің бір бас жоғары екенін көрсетті. Тіпті отандасымыз қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді.

Айта кетейік, енді Бекзат Нұрдәулетов 15 қыркүйек күні венесуалық боксшыға қарсы жұдырықтасады.

Бөлісу

.