19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақстандық боксшы Олимпиада чемпионы Тищенкомен қолғап түйістіредіі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

RCC Boxing Promotions компаниясы ұйымдастырған бокс кеші 2 қараша күніне жоспарланған. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Евгений Тищенкомен (5-0, 3 КО) қолғап түйістіреді. Боксшылар бірінші ауыр салмақтағы WBO Intercontinental белбеуіне таласады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. 

Евгений Тищенко қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. 2016 жылы өткен Олимпиада ойындарының финалында қазақстандық боксшы Василий Левит Евгений Тищенкоға төрешілердің даулы шешімімен есе жіберген болатын.

Айта кетейік, Иса Ақбербаев соңғы рет шаршы алаңға 2017 жылдың желтоқсан айында шыққан еді. Ол кезде қазақстандық боксшы босниялық Мирнес Денадичті (12-12-2, 6 КО) нокаутпен жеңді.

Бөлісу

.