19 қыркүйек, Бейсенбі

Батыр Жүкембаев әлемдік рейтингте ТОП-15 боксшының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) әлемдік рейтингте үздік 15 спортшының қатарына кірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) WBC тұжырымының жаңартылған рейтингінде ТОП-15 боксшының қатарына кіріп, 14-орынға жайғасты. Соңғы жекпе-жегінде оңғы жекпе-жегінде Луис Хесус Видалесті техникалық нокаутқа түсіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, жеңіліс дәмін татпаған отандасымыз 26 қыркүйек күні 2010 және 2014 жылдар аралығында жеңіл салмақтағы IBF тұжырымының әлем чемпионы атанған Мигель Васкеске (41-8, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Бөлісу

.