6 желтоқсан, Жұма

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың промофиналына қатысады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +
Турнир жеңімпазы «А» дивизионына берілетін жалғыз жолдамаға ие болады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Бүгін Португалияның Фигейра-да-Фош қаласында жағажай футболынан Еуропа лигасының «В» дивизионының промофиналының ойындары өтеді. Қатысушылар екі топқа бөлінген:

1-топ: Чехия, Болгария, Әзірбайжан, Румыния.

2-топ: Қазақстан, Грузия, Венгрия, Грекия.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

05.09.2019. Қазақстан – Грекия. 16:30

06.09.2019. Венгрия – Қазақстан. 14:00

07.09.2019. Грузия – Қазақстан. 14:00

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Виктор Чорный, Всеволод Гаврилов (екеуі де — «Арман», Павлодар);

Қорғаушылар: Нұрлан Жүнісов, Игорь Демешко, Роман Богданов, Виталий Тюльпа (барлығы — «Арман», Павлодар), Абылай Ералы («Ұшкын-Искра», Астана);

Шабуылшылар: Баянбек Муралинов, Дмитрий Перевёртов, Асқар Әжікенов (барлығы — «Арман», Павлодар).

Жаттықтырушылар штабы: Ерлан Жамантаев — бас бапкер, Болат Аленов — бапкер, Владимир Ковган — бапкер, Азамат Кенжеғұлов — менеджер, Дархан Смаилов — дәрігер.

Бөлісу

.