25 қаңтар, Сенбі

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионатында топ жарды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық қос дойбышы Болгарияның Кранево қаласында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әлемнің 19 елінен 200-дей спортшы қатысып, бақ сынаған Дүниежүзілік додада ел намысын қорғаған Әнел Дәулетова 16 жасқа дейінгілер, Тоғжан Тәжібекова 13 жасқа дейінгілер арасында үздік шығып, чемпион атанды. Екеуі де мүмкін болған 14 ұпайдың 13-ін жинады. Әнел Дәулетова жастар арасында (16 жас) екі дүркін әлем чемпионы атанса,  Тоғжан Тәжібекова да бұған дейін бірнеше мәрте Қазақстан, екі дүркін Азия чемпионы атанған болатын.

Айта кетейік, қос спортшының бапкерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Қадырұлы Жұмагелдиев пен Әлия Зәкіржанқызы Жұмагелдиева.

Бөлісу

.