6 желтоқсан, Жұма

Роналду кезекті рет Португалияның үздік футболшысы атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рет Португалияның «жыл ойыншысы» атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

ФИФА нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік ойыншысына берілетін The Best сыйлығына үміткер  атақты Криштиану Роналду өз елінде ең үздік футболшы атағын жеңіп алды. Роналду ел үздігі деген атаққа осымен 10-шы мәрте қол жеткізіп отыр. Биыл Португалияның үздігі атанудан «Атлетико» шабуылшысы Жоау Фелиш пен «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва да үмітті болған. Алайда Роналду жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Барселонаның» футболшысы Лионель Месси, «Ювентустің» ойыншысы Криштиану Роналду және «Ливерпульдің» қорғаушысы Вирджил ван Дейк ФИФА нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік ойыншысына берілетін The Best сыйлығына үміткер атанған болатын.

Бөлісу

.