19 қыркүйек, Бейсенбі

ФИФА «жылдың үздік ойыншысына» үміткерлерді атады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Барселонаның» футболшысы Лионель Месси, «Ювентустің» ойыншысы Криштиану Роналду және «Ливерпульдің» қорғаушысы Вирджил ван Дейк ФИФА нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік ойыншысына берілетін The Best сыйлығына үміткер атанды.

Үміткерлер тізімі 10-нан 3-ке дейін қысқарып, финалдық кезеңге жолдама алған Месси, Роналду және Ван Дейк жылдың үздік ойыншысына таласатын болады. Бір қызығы, өткен аптада УЕФА-ның нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысына дәл осы үштік үміткер болып, голландиялық футболшы жеңіп шыққан еді.

Сондай-ақ жылдың үздік әйел футболшысына да үміткерлердің есімі анықталды. Олар: ағылшын ойыншысы Люси Бронз («Лион») және америкалық Алекс Морган («Орландо») мен Меган Рапино («Рейн»). 

Үздіктердің үздігін ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушылары мен капитандары және жанкүйерлер мен журналистердің дауыс беруі арқылы анықтайды. Барлық төрт топтың да дауысы 25 пайыздан есептеледі.

Бөлісу

.