19 қыркүйек, Бейсенбі

Садриддин Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

0

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов әлем чемпионы атағына таласады,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин «Қазақ сарбазы»  Ахмедов кезекті жекпе-жегінде әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді. 

«Ассалаумағалейкум, баршаңызға! Алла қаласа, 25 ші қазан Монреаль Квебек қаласында өзімнің 10 жекпе жегімді өткіземін. Алда (big drama show) күтіңіздер, өте қызықты, тартысты жекпе жек өткізетін боламын. Бұл жекпе жекте белдікке, яғни әлем чемпионына талас болуы әбден мүмкін. Бірәқ алі қандай версияда екені белгісіз. Әрине, әуелі Алла және қазақ елімнің батасымен дұғасы жеңіске деген құштарлығымды оятып, жеңуіме үлкен үлесін қосатын болады. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, деп  жазды Садриддин өзінің инстаграмдағы парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq)

Айта кетейік, Садриддин Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бұл Ахмедовтың шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісі болды.

Бөлісу

.