19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақ палуанына Лондон Олимпиадасының медалі табысталады

0

Азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Дәулет Шабанбайға Лондон Олимпиадасының медалі табысталады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

120 келі салмақта белдескен Дәулет Шабанбай 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадаға қатысып, төртінші орын алған болатын. Қола жүлде үшін өткен белдесуде есейлік Билял Маховқа есе жіберіп, жарысты тоқтатқан.

Арада 7 жыл өткеннен кейін аталмыш Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алған грузиялық Давид Модзманашвилидің қан сынамасынан тыйым салынған заттар табылып, жүлдесінен айырылды. Осылайша қазақстандық палуан Дәулет Шабанбай Лондон Олимпиадасының қола  жүлдегері атанды. Оның медалі қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем чемпионатында табысталады.

Бөлісу

.