15 Желтоқсан, Жексенбі

Михал Билек Қазақстан құрамасының тізімін жариялады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Кипр және Ресеймен өтетін ойындарға шақырылған футболшыладың тізімі жариялады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Тізімге 23 футболшы енді:

Қақпашылар: Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Щацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (барлығы — «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де — «Ордабасы»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Юрий Перцух (екеуі де — «Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Куат (барлығы — «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»);

Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»);

Резерв: Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Еркебұлан Сейдахмет, Еркебұлан Тұңғышбаев (барлығы — «Қайрат»), Олжас Керімжанов, Аслан Дарабаев (екеуі де — «Жетісу»), Марат Быстров, Тоқтар Жаңғылышбай (екеуі де — «Ордабасы»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Руслан Валиуллин, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек (барлығы — «Тобыл»), Роман Муртазаев («Астана»).

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тадеуш Переход – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Дмитрий Николаев – массажист, Тимур Құсайынов – сарапшы, Бауыржан Елденбаев – бейнеоператор, Максим Шауберт – администратор, Азамат Жакудин – кит-менеджер.

Сондай-ақ  Қазақстан футболының түлегі және Беларусь елінің «Динамо Брест» клубының ойыншысы Владислав Васильев Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабының кеңейтілген тізімінде болған. Алайда, 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының алдағы іріктеу ойындарына шақырылмайды. Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабының өкілдерімен сөйлескен Владислав Васильев қазіргі уақытта клубтағы мансабына баса назар аударатынын жеткізді.

Бөлісу

.