19 қыркүйек, Бейсенбі

Әлем чемпионатына қатысатын боксшыларымыз анықталды

0
Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

1. Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)

2. Қайрат Ералиев (57 келіге дейін)

3. Закир Сафиуллин (63 келіге дейін)

4. Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)

5. Тұрсынбай Құлахмет (75 келіге дейін)

6. Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін)

7. Василий Левит (91 келіге дейін)

8. Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)

Байрақты бәсеке Ресейдің Екатеринбург қаласында қыркүйек айының 8-22 күндер аралығында өтеді. 

Бөлісу

.