5 сәуір, Жексенбі

Әлем чемпионаты: Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов жүлдесіз қалды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дзюдодан Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін татамиге шыққан үш балуанымыз жеңіліп қалды. Қыздар арасында Анна Казюлина (52 келі) алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты. 

66 келіде белдескен Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов болса екінші айналымнан аса алмады. Елдос екінші айналымда болгариялық Божидар Темелковтан ескерту санының көптігімен ұтылса, Ерлан Серікжанов әзірбайжандық Нижат Шахилизададан «иппон» ұпайымен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, әзірге Қазақстанның қоржынында бір қола медаль бар.  Кеше 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол үшінші орын үшін болған кездесуде Ғұсман Қырғызбаев жеңді.

Бөлісу

.