19 қыркүйек, Бейсенбі

Әлем чемпионаты: Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бүгін Токиода дзюдодан Әлем чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан татамиге Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев және Отгонцэцэг Галбадрах шықты.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы — өзбекстандық балуан Шарафоддин Лутфиллаев.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта күрескен тағы бір балуанымыз Елдос Сметов жарыстың жұбаныш белдесуінде тайпейлік Янг Юнг Уэймен күреседі.

Сондай-ақ, 48 келіге дейінгі салмақтағы дзюдошымыз Отгонцэцэг Галбадрах жұбаныш белдесуінде Мартинез Абебеленда Лаурамен кездесіп, ұтылып қалды.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. Отандық «QazSport» арнасы әлем біріншілігін тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу

.