19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақстан ҰОК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізген бірінші мемлекеттік емес ұйым атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан ҰОК пен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі еліміздегі ең басты олимпиадалық ведомствода жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу жұмысының аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Мұндай талдау жұмыстары бірінші рет мемлекеттік емес ұйымда жүргізіліп отыр. Талдау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан ҰОК мүдделі болғанын айта кету керек. Агенттік пен ҰОК екі бағыт бойынша талдау жүргізген жұмыс тобын құрды. Бірінші бағыт – ұйымдастыру және басқарушылық қызмет, екінші бағыт – Қазақстан ҰОК қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер.

Айта кетелік, толыққанды талдау жүргізу үшін Агенттік қызметкерлеріне барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде, ҚР ҰОК ішкі құжаттарын көруге рұқсат етілді.

«Бір жарым жылдан бері Қазақстан ҰОК мемлекеттік тапсырманы орындаушы саналады және ұлттық спорттық федерациялармен жұмысты жаңа бағытқа өзгертті. Біз олимпиадалық қозғалыс аясындағы үздік әлемдік тәжірибелер мен басқару қағидаларын есепке алдық. ҰОК президенті Тимур Құлыбаев ҰОК қызметінің ең басты қағидаларының бірі – ашықтық екенін үнемі ескертеді. Біздің олимпиадалық комитеттегі корпоративтік процедуралардың негізінде жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, алдын алу басты назарда. Сол себепті, біз жыл басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттікпен әріптестік туралы Меморандум қабылдануына бастамашылық еттік. Қазіргі таңда ұйымдағы алғашқы талдау нәтижелеріне қол жеткізіп отырмыз. Барлық ескертпелер мен ұсыныстар есепке алынып, мұқият орындалады», — дейді бас директор Нұрлан Нөгербек.

Агенттік мәліметінше, тараптар кикілжіңіне қатысты сұрақтарды анықтау мен жою, әсіресе, сатып алу кезіндегі мәселелерін реттеу қажет.

Сонымен қатар, ішкі құжаттардағы, оның ішінде, дене шынықтыру және спорттық ұйымдар мен спорттық ғимараттарды талапқа сай келуіне қатысты сертифкаттарды беру процесіндегі кемшіліктерді жою міндеті тұр.

«Аталған сертификаттардың берілуі арқылы әрі қарайғы шешімдердің, оның ішінде, қаржылық құжаттардың (спорт саласындағы қызметті атқару әне мемлекеттік тапсырыс аясында қаржы алу) қабылдануына тікелей әсер етеді. Процедуралар кезінде ҰОК қызметкерлерінің дискрециялық нормасы мен өкілеттігі сақталған, бірыңғай уақытша тәжірибе жоқ. Бұл жемқорлыққа жол ашуы мүмкін», — дейді Агенттіктегі алдын алу Департаментінің жетекшісі Анар Жарова.

Тәуекел аймағында тапсырыстарды жүргізу мәселесі тұр. Себебі, тапсырыс қағаз жүзінде жүзеге асады. ҰОК өз тапсырыстарын жүргізу үшін электронды платформа мен қоғамдық мониторинг құрылғыларын енгізуі қажет. ҰОК ревизиялық комиссиясы мен ішкі аудит қызметінің жұмысын жетілдіруі керек.

Осы орайда, Агенттік өкілі ҰОК-тың талдау жүргізу туралы бастамасы нақты нәтиже беріп, сыбайлас жемқорлық себептері мен шарттарын жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс сапасын арттыруға әсер ететінін жеткізді.

Талдау қорытындысы бойынша сараптамалық анықтамада ҚР ҰОК-тегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау жұмыстары ҚР ҰОК-те соңғы жылдары ішкі процестерді реттеп, мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысты қызмет түрінің жетілгені айтылған.

Айта кетелік, биылғы жылдың басында Қазақстан ҰОК бастамасымен ҰОК, Агенттік және Мәдениет және спорт министрлігінің арасында Меморандумға қол қойылды.  Меморандумға қол қойған әрбір тарап өз қоластындағы ведомтсволық бағынышты ұйымдар мен республикалық спорттық федерацияларды біріктіре отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға ниетті.

Бөлісу

.