5 сәуір, Жексенбі

Қазақстандық боксшы Оңтүстік Африкада жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Александр Журавский (13-5-1, 11 КО) Оңтүстік Африкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті.

Александр Журавский Оңтүстік Африканың Кемптон-Парк қаласында өтетін бокс кешінде Рорк Кнапппен (8-0-1, 7 КО) қолғап түйістіреді. Қос боксшы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді. Журавскийдің салмағы 69,85 келіні көрсетті.

Айта кетейік, Александр Журавский соңғы жекпе-жегінде Бойд Алленмен (4-0-1, 3 КО) тең түскен. А мансабында 5 мәрте жеңіліп, 13 кездесуінде қарсыласынан басым түсті.

Бөлісу

.