5 сәуір, Жексенбі

Жеңілмеген қазақ боксшысы Канадада шаршы алаңға шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыровтың (10-0, 6 КО) алдағы жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды,  – деп хабарлайды Qsport.kzпорталы.

Жеңіліс дәмін татпаған Нұрзат Сабыров 26 қыркүйек күні Канаданың Квебек қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз мексикалық Бруно Сандовал (20-3-1, 16 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Сондай-ақ бұл кеште қазақстан тағы бір боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) шаршы алаңға шығады. Ол бірінші орта салмақта мексикалық Мигель Васкеске (41-8, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Одан бөлек, жастар арасындағы Азия чемпионы Аман Қазанқапов (0-0-1) та кәсіби бокстағы екінші кездесуін өткізеді. Әзірше оның қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, Нұрзат Сабыров соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Ласло Тотпен (27-5-1, 19 КО) кездесіп,  нокаутпен жеңді.

Бөлісу

.