12 тамыз, Сәрсенбі

Ресми: Головкин мен Деревянченко IBF белбеуі үшін жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінің қашан және кіммен өтетінін мәлімдеді,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин IBF тұжырымының белбеуіне таласу үшін шаршы алаңға қайта оралады. Қос спортшы 5 қазан күні Madison Square Garden-де жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. DAZN платформасы отандасымыздың 5 қазан күні шаршы алаңға оралатынын растады.

Жекпе-жектің өтетіні туралы Геннадий Головкин әлеуметтік желі арқылы ресми хабарлады. 

«Өзімнің екінші үйім санайтын MSG төрінде шаршы алаңға оралатыныма қуаныштымын. Біз Big Drama Show-ды Madison Square Garden мен DAZN-ға қайтарамыз. Сіздер бокста ұнататындарыңыздың бәрін көресіздер. Нью-Йоркте жолығамыз», — деп жазды Головкин Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)21 Авг 2019 в 8:58 PDT

Айта кетейік, Головкин 2015 жылдың қазанынан 2018 жылдың маусымына дейін IBF чемпиондық белбеуін иемденген еді. Алайда Сергей Деревянкомен жекпе-жек өткізуден бас тартқаннан соң белбеуінен айырылды.  

 

Бөлісу

.