15 Желтоқсан, Жексенбі

Роналду мансабын қашан аяқтайды?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтауы мүмкін екенін айтты.

— Әзірше бұл туралы ойлап жүргенім жоқ. Мүмкін келесі жылы-ақ футболмен қош айтысармын. Бірақ 40 не 41 жасыма дейін доп теуіп жүре аламын деп те ойлаймын. Білмеймін… Әр сәтке қуана білу қажет, — деп келтіреді Роналдудың сөзін Marca басылымы.

Айта кетейік, Криштиану Роналдудың жасы 34-те. Мансабында «Алтын допты» 5 мәрте жеңіп алған. Әлемнің үздік футболшыларының бірі саналады.

Бөлісу

.