15 Желтоқсан, Жексенбі

ФИФА жылдың үздік голына үміткерлердің тізімін жариялады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) жылдың үздік голына берілетін Пушкаш сыйлығына үміткерлердің тізімін жариялады.

Үміткерлер қатарына он футболшы енді. Олар: бразилиялық футболшы Матеус Кунья («РБ Лейпциг»), швециялық Златан Ибрагимович («Лос-Анджелес Гэлакси»), аргентиналық Лионель Месси («Барселона»), камерундық Аджара Нчут, итальялық Фабио Квальярелла («Сампдория»), колумбиялық Хуан Кинтеро («Ривер Плейт»), америкалық Эми Родригес («Ютау Роялс»), ирландиялық Билли Симпсон («Клифтонвилл Ледис»), англиялық Андрос Таунсенд («Кристал Пэлас») және венгриялық Даниэль Жори («Дебрецен»).

Жылдың үздік голын анықтау үшін дауыс беру 1 қыркүйекке дейін жалғасып, соның нәтижесіне қарай көп дауыс жинаған үш футболшы финалдық кезеңге өтеді. Ал ақтық сында ФИФА-ның аңыздары үздік голды таңдайды. Жеңімпаз 23 қыркүйек күні Милан қаласындағы «Ла Скала» театрында өтетін The Best іс-шарасында белгілі болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от FIFA World Cup (@fifaworldcup)

Бөлісу

.