6 желтоқсан, Жұма

Барселона академиясының түлегі Қазақстан U-17 құрамасына шақырту алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Барселонаның «Марсет» футбол академиясының ойыншысы Данил Анкудинов Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырту алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Данил Анкудинов Қарағандының тумасы, алайда жастайынан Испанияда тұрады.  Бес жыл бойы Тенерифе қаласындағы академияда жаттығып, жергілікті жасөспірімдер арасындағы чемпионатта ойнайды.  15 жасында «Марсет» футбол академиясы қызығушылық танытып, қатарына қосты. Бастапқыда Данил Анкудинов орталық шабуылшы міндетін атқарса, кейіннен қапталға қарай ойысқан.

«Марсет» футбол академиясы әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды жас футболшыларды іздеп, олардың кәсіпқой деңгейге көтерілуіне бағытталған спорт мектебі. Қазіргі таңда Барселонаның үздік академияларының бірі саналады.

Бөлісу

.