26 тамыз, Дүйсенбі

УЕФА маусымның үздігіне үміткер футболшылардың тізімін жасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

УЕФА баспасөз қызметі өткен маусымдағы Еуропаның үздік ойыншысы атағына үміткер үш футболшыны атады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

УЕФА маусымның үздігіне үміткер футболшылардың тізімін жасады Олар:
«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси. Өткен маусымда 10-шы рет Испания чемпионатын жеңіп алды, Чемпиондар лигасында 12 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды;
«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду. Ол Португалия құрамасымен Ұлттар лигасында топ жарды. Италия чемпионы атанды; «Ливерпуль» қорғаушысы Верджил ван Дейк. Голландиялық қорғаушы «Ливерпуль» клубының құрамында Чемпиондар лигасы кубогын жеңіп алды.

Айта кетейік, жеңімпаздың есімі 29 тамыз күні белгілі болады.

Бөлісу

.