26 тамыз, Дүйсенбі

Қанат Исламнан жеңілген Деревянченко Головкинмен жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ұйымның вакантты белдігі үшін жекпе-жек өткізеді,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Астана арланс» сапында Қанат Исламнан жеңілген Сергей Деревянченко Геннадий Головкинмен IBF тұжырымының белбеуіне таласу үшін шаршы алаңға қайта оралады. Қос спортшы 5 қазан күні Madison Square Garden-де жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. DAZN платформасы отандасымыздың 5 қазан күні шаршы алаңға оралатынын ресми түрде растады.

Естеріңізге сала кетейік, IBF ұйымы 1 тамыз күні Сауль Альваресті Деревянченкомен сәтсіз келіссөздерінен кейін чемпиондық атағынан айырған болатын.

Головкин IBF титулына 2015 жылдан 2018 жылға дейін иелік еткен. Кейін отандасымыз да дәл осы Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін белдігінен айырылған еді.

Бөлісу

.