26 тамыз, Дүйсенбі

Жеңілмеген қазақ боксшысы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Искандер Харсан келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Искандер Харсан кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін 14-ші қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena кешенінде өткізеді. Қарсыласы америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3 КО) болмақ.

Кештің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы британиялық боксшы Тайсон Фьюри (28-0-1, 20 КО) мен швециялық Отто Валлина (20-0, 13 КО) қолғап түйістіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Искандер Харсан соңғы жекпе-жегін 28 наурыз күні Алматы қаласында өткізіп, грузиялық Джаба Мемишишиді (8-10, 1 КО) екінші раундта нокаутпен ұтты. 

Бөлісу

.