26 тамыз, Дүйсенбі

«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне бір табан жақындай түсті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елордалық «Астана» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Валлеттаның» тас-талқанын шығарып, келесі кезеңге жолдама алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы матч алаң қожайындарының пайдасына 5:1 есебімен аяқталған болатын. Қарымта ойында да мальталық команда аса бір қаурқарлық таныта қоймады. Қазақстан чемпиондары қарсыласының қақпасына 4 гол соғып, жеңімпаз атанды.

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде «Астана» Беларусьтің  БАТЭ командасымен кездеседі. 

Еуропа лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі. Қарымта матч

«Валетта» — «Астана» — 0:4 (0:2)

Голдар: Роман Мұртазаев 25, 68 Марин Томасов 37, 89

«Валлетта»: Сини, Р. Камиллери (К), Пичолло, Дж. Борг, Пенья, Дж. Зераф, Дуглас Пакер, Р. Маскат, Фонтанелла, Юрий, Тулимиери.

«Астана»: Эрич (К), Рукавина, Мужиков, Ротариу, Сигурионссон, Томасов, Майевский, Шимунович, Постников, Мұртазаев, Шомко.

16 тамыз. Та Кали

Бөлісу

.