26 тамыз, Дүйсенбі

Данияр Елеусінов америкалық боксшымен қолғап түйістіреді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

13 қыркүйек күні АҚШ-тың Нью-Йоркт қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын отандасымыз америкалық Решард Хикспен қолғап түйістіреді. 

34 жастағы тәжірибелі боксшы кәсіпқой рингтегі мансабында 13 жекпе-жек өткізген. Оның 12-де жеңіске жетіп, тек біреуінде кездесуінде есе жіберген екен.

Естеріңізге салайық, Данияр Елеусінов 27 шілде күні  АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы College Park Center кешенінде өтетін бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен (27-4, 14 КО) жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда отандасымыздың денсаулығы сыр бергеніне байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды.

Бөлісу

.