15 Желтоқсан, Жексенбі

Роман Григорчук: «Бізді қолдайтын жанкүйерлерге әрдайым үлкен құрметпен қараймыз»

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Астананың» бас бапкері мальталық «Валлеттамен» болатын ойын алдында журналистердің сұрағына жауап берді — деп хабарлайды Qsport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— «Валлеттаға» қарсы өткізген алғашқы ойынға қандай баға бересіз? 

— Біз жақсы ойнауды көздедік және жеңетінімізге сенімді болдық. Ойын барысында ол сенімділігіміз тіпті артты. Бірінші кездесуде  соққан бес гол туралы біз қазір мүлде ойламаймыз. Ертенгі ойында бірінші кездесуде жіберген қателіктерді түзетіп, жақсы нәтиже көретүге тырысатын боламыз.

— Командаңыздың Еуропа лигасының топтық кезеңге шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

— Дәл қазір ол туралы ойлауға ерте, бар ойымыз ертеңгі кездесуде. Бірінші ойынның есебін ұмытып, өзіміздің ойынымызды көрсетуіміз керек.

— Ертең Мальтада «Астананы» 200-ден астам жанкүйер қолдайды,  команданы қолдау сіздер үшін қаншалықты маңызды?

— Бізді қолдайтын жанкүйерлерге әрдайым үлкен құрметпен қараймыз, біздің көрсеткен ойынымыз тек солар үшін. «Астана Аренада» жанкүйерлер ғажайып футбол  атмосферасын жасайды.  Ал ертеңгі қолдауға келетін болсақ, 200 адам деген – өте керемет жағдай.  Қазақстандағы жанкүйерлердің де көңілінен шығатын ойын көрсетуге тырысамыз.

—  Бірінші  кездесудегі сенімді жеңістен кейін, құрамда қандай да бір өзгеріс бола ма?

— Мен қазір бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Себебі, әзірге мен алаңға шығатын құрамды нақтылаған жоқпын. Біз ол шешімді ойын күні қабылдайтын боламыз.

Бөлісу

.