15 Желтоқсан, Жексенбі

Елордада жасөспірімдер арасында ҚР Президентінің кубогы өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +
23-29 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында футболдан Қазақстан Республикасының Президенті Кубогы үшін жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында футболдан Қазақстан Республикасының Президенті Кубогы үшін жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир жалауын желбіретеді.  Биыл жарысқа Қырғыз Республикасы, Армения, Тәжікстан, Литва, сонымен қатар Қазақстанның екі құрамасы қатысады. Ойынның барлығы «Футбол үйі» ғимаратының алаңында өтеді. 

Айта кетейік, турнирдің алғашқы ойынында Армения мен Қазақстан U-16 құрамалары кездеседі.

Бөлісу

.