19 қыркүйек, Бейсенбі

Садриддин Ахмедов: Алда үлкен жекпе-жектер күтіп тұр

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов жаттығуына қайта кірісті – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин «Қазақ сарбазы»  Ахмедов кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастап, үлкен жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді. 

« Ассалаумағалейкум,баршаңызға! Жаттығуымызды Ернұр ағаммен бастадық. Жақын арада үлкен жекпе- жектер, үлкен жаңалықтар болады. Күтіңіздердер.», деп  жазды Садриддин өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, Садриддин Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бұл Ахмедовтың шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісі болды.

Бөлісу

.