6 желтоқсан, Жұма

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әли, барлық армандарың орындалсын

0

УЕФА Суперкубогының марапаттау рәсіміне қатысқан қазақстандық жас футбол жанкүйері Әли Тұрғанбеков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалмады , – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли,сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын!, — деп жазды ҚР президенті Twitter желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, Стамбулда өткен «Ливерпуль» — «Челси» матчы 2:2 есебімен аяқталып, матч соңындағы пенальтиге ұласты. Бес мүмкіндігін де мүлт жібермеген «Ливерпуль» жеңіске жетіп, Суперкубокты иемденді. 

Ойыннан кейін «Ливерпуль» ойыншылары UEFA президенті Александр Чефериннің қолынан медаль алды және құрметті қонақ ретінде қатысқан Әлимен амандасуды да ұмытпады.

Ең бастысы Әли Тұрғанбеков кубокты жеңімпаздардың капитаны Джордан Хендерсонға өзі табыс етті.

Бөлісу

.