15 Желтоқсан, Жексенбі

Қазақ баласы УЕФА Суперкубогының жеңімпазы «Ливерпульді» марапттауға қатысты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық жас футбол жанкүйері Әли Тұрғанбеков Стамбулда өткен «Ливерпуль» мен «Челси» командалары арасындағы УЕФА Суперкубогының марапаттау рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталып, матч соңындағы пенальтиге ұласты. Бес мүмкіндігін де мүлт жібермеген «Ливерпуль» жеңіске жетіп, Суперкубокты иемденді. 

Ойыннан кейін «Ливерпуль» ойыншылары UEFA президенті Александр Чефериннің қолынан медаль алды және құрметті қонақ ретінде қатысқан Әлимен амандасуды да ұмытпады.

Ең бастысы Әли Тұрғанбеков кубокты жеңімпаздардың капитаны Джордан Хендерсонға өзі табыс етті.

Бөлісу

.