12 тамыз, Сәрсенбі

Жәнібек Әлімханұлы: «Қазақ стилінің» не екенін көрсетемін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) кезекті жекпе-жегі алдында жанкүйерлерін қолдау көрсетуге шақырды,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы  Американың Лос-Анджелес қаласында, Banc of California стадионында өтетін жекпе-жегі алдында жанкүйерлерді қолдауға шақырды.

— Осы сенбі күні бәріне «Қазақ стилінің» не екенін көрсетемін. Өткізіп алмаңыздар. Ұмытылмас кеш болады, — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек 17 тамыз күні Лос-Анджелес қаласында өткізеді. Қарсыласы 32 жастағы канадалық боксшы Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) болмақ.

Бөлісу

.